Тәуелсіздік тұғыры отчет

27 желтоқсан, 2011

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ


«Ел Тәуелсіздігіне - 20 жыл» атты өткізілген мерекелік кештің есебі


Өткізген: Тусупова К.Б., Шормакова А.Н.

Алматы 2011 жыл
«Ел Тәуелсіздігіне - 20 жыл»

Өткізілген уақыты: 02/12/2011 ж. сағат: 14-00;

Өткізілген орны: Механика – математика факультетінің қызыл залы;

Ұйымдастырушылар: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының 2 курс студенттері және эдвайзерлер Тусупова К.Б., Шормакора А.Н.;

Мерекелік кештің қонағы: Заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген ғылым қайраткері, құқықтану және халықаралық қатынас институтының ректоры, жергілікті халықтар мен этникалық жетіспеушілік Қазақ халықаралық қорының президенті, Қазақстан заңгерлер Ассоциациясының вице-президенті Сартаев Сұлтан Сартайұлы.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. 20жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарыктың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Қазіргі таңда Қазақстанды дүние дидарында ең мықтымемлекеттер таниды, сыйлайды.

Тәуелсіздік күні еліміздінң барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады, күтумен өтті. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Туелсіздгіне 20 жыл толды, осы айтулы мерекеге арнап механика – математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушылары Тусупова К.Б., Шормакова А.Н. және 2 курс студенттері Желтоқсан айының 2-жұлдызында «Ел Тәуелсіздігіне – 20 жыл» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырды. Кешке қонақ болып Сартаев С.С. келді.

Мерекелік кешті «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс студенттері Амитов Бекжан мен Сабырова Таңшолпан жүргізді.

Мерекелік кештің сценариі:

  1. Кеш басталмас бұрын сахнада фанфар ойналып, екі жүргізуші сахна төріне шығады;

Бекжан: Қазақ деген қасиетті елімде,

Ұлан-байтақ,байлығы мол жерімде.

Тәуелсіздік тойлауда шаттықпен,

Желбірейді көк байрағым төрімде.

Таңшолпан : Ата-бабам өмір бойы аңсаған,

Тәуелсіздік болып ізгі, ой-арман.

Жүріп өткен әр жолдары шежіре,

Бүгін таңда елге еркіндік оралған.

Бекжан: Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ,

Тірлігіне көңілдері болмай тоқ.

Бодандықтың серпіп тастап бұғауын,

Ер-азамат азат үшін кешкен от.

Бекжан : Отан үшін от кешіп, жанын берген ата-бабаларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық... (Барлығы орындарынан тұрады,1 мин)

Таңшолпан: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!(Барлығы орындарынан тұрады)

Таңшолпан: Тәуелсіздік сәуле шашқан жарық күн,

Қаһарлы күш қайсарлығы халықтың.

Тәуелсіздік сәуле шашқан жарық күн,

Айбынды үні Абылайдай алыптың.

  1. Өткен күнге көз жүгірту мақсатында сахнада бейнебаян ойнатылды (Дайындаған: Сүндетова А. Апрель Б.). Бейнебаян аяқталғаннан кейін 20 жыл ішіндегі Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері жайлы слайд қойылады (Дайындап және таныстырғандар: Чапайқызы А., Ахмадиева Ж.)

  1. Ортазызға кешіміздің сыйлы қонағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Сартаев Сұлтан Сартайұлын қошеметпен сахна төріне шақырамыз.


  1. «Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын» факультет бойынша жарияланған эссені марапаттау.


  1. Азат Гүлнұрды Махамбет Өтемісұлының шығармашылығынан «Мен,мен едім» әнімен ортаға шақырамыз.
  2. Бекжан: Қазағым мақтауға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

Бүгінгі Тәуелсіздік күнінде,

Күйшілерді қошеметпен қарсы алайық


  1. Таңшолпан: Тәуелсіздік тамыры терең тағдырдан,

Құрбан болған азаматтар миллион сан.

Тәуелсіздік аянбаған ұл-қыздар,

Нүркен,Талғат,Қайрат,Мәншүк,Әлия,-дей келе

өткен өмірге өткен өмірді еске алу мақсатында ұйымдастырылған көрінісімізді қарсы алыңыздар. Алдарыңызда 6-көрініс.Қарсы алыңыздар.

  1. Халықаралық, Республикалық және қалалық байқаулардың жеңімпаздары жас бөбектерлің «Арнау» фольклерлық ансамблін ортаға қошеметпен қарсы алайық


  1. Сахнаға көркем сөз оқуға: Баязит Сұлтанның өз шығармашылығынан «Тәуелсіздік» өлеңімен және Амитов Бекжан, Қараев Есенғалиді шақырамыз.

10. Таңшолпан: Асқақ болсын халқымның бұлбұл даусы,

Асқақ болсын біртуар дарабозы.

Көрдім қанша қызықты тамашаны,

Ал қанекей тамашалайық ән думанды-дей отырып Абдрахман Қазынаны шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

11. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің колледжнен «Елім-ай» әнімен келген қонақтарымызды қарсы алайық: