ҚазҰУ профессоры америкалық журналдың редакция алқасына мүше болды
27 желтоқсан, 2011
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультеті қатты дене және бейсызық физика кафедрасының профессоры Ильин Аркадий Михайлович америкалық журналдың (American Journal of Condensed Matter Physics) редакция алқасы мүшелігіне енді.
Аталған басылым ғылымның іргелі «Физиканың конденсирленген күйлері» атты бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми журнал болып табылады.
ҚазҰУ ұжымы Ильин Аркадий Михайлович еңбегіне табыс, шығармашылық жетістіктер тілейді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024