«Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітаптың тұсауы кесілді
10 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің оқу залында «Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітаптың тұсаукесері өтті. Кітаптың авторы М.Қ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Абылай хан. Өмірі мен қызметі» деген кітап шығарған белгілі абылайтанушы Зарқын Сыздықұлы Тойшыбай. Кітап Абылай ханның 300 жылдығы қарсаңында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен «Ел-шежіре қоғамдық қорынан» жарыққа шықты.
«Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітап туралы тарих ғылымдарыны докторы, ҚазҰУ профессоры, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков: «Қазақ хандарының ұлы ханы, хандар арасындағы ең іргелісі, ең көрнектісі, тәуелсіздікті қамтамасыз еткен халық батыры Абылай туралы жарық көрген үлкен еңбекке куә болып отырмыз. Абылай туралы құжаттар баршылық, ол вйқын тұлға. Қазақтың беткеұстар туы да, үж жүздің басын біріктіретін де Абылай. Бұл жарық көріп отырған екі томдықта Абылай хан туралы ресми деректердің ең құндылылары рет-ретімен жүйелі түрде топтастырылған. Осы екі кітап негізінде бірнеше монографиялық зерттеулер жасауға болады. Бұрын жарық көрген құнды еңбектер жинақталып, дайын күйінде тиіп отыр. Бұл ретте автор Зарқын Сыздықұлының еңбегі өлшеусіз», - деп атап өтті. Ал профессор Зарқын Сыздықұлы: «Бұл еңбекке Абылай қалай хан болды, Абылайдың Абылай болғанынан қазаққа қандай пайда келді, сондай-ақ, Адыбай Абылай болмаса қазаққа қандай зиян келеді деген салмақты тақырыптар қаралды», - дейді.
Кітапқа XVIII-ғасырдағы Қазақ хандығының тарихын, Абылай ханның кезеңін қамтитын 500-ден аса құжат пен материал жинақталып, қазақ тіліне аударылған 250 құжат тұңғыш рет ғылыми айналымға еніп, оларға ғылыми түсініктер берілген. Кітапқа қосылған есім көрсеткішке аты аңызға айналған қазақ хандары, сұлтандары мен батырлары молынан қамтылған.
Кітап 2000 данамен басылып, республика кітапханаларына таратылды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі