«Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинары жұмысты қайта бастады

11 қаңтар, 2012

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінде «Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинары жұмысты қайта бастады. Семинардың жетекшiлерi – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Т.Жұмағұлов және ҚР ҰИА академигі, ф.-м.ғ.д, профессор Данаев Н.Т. Семинар хатшысы ф.-м.ғ.к., Хикметов А.К.

Семинардың жұмысында әр түрлi Қазақстан ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамы, сонымен бiрге PhD докторанты және магистранттар қатысады. Қазақстанның ғылыми орталықтары мен ЖОО-нан шақырылған бастаушы ғалымдарының қатысуы жобалануда.

Семинар әл-Фараби, 71, (механика-математика факультеті) №13-шi корпусында әр апта сайын сәрсенбі күні 17:00-де №325 аудиториясында өткізіледі.

Семинардың мәжiлiсiндегi баяндамамен сөз сөйлеуге мәлiмдемелер семинардың хатшысына электрондық почта бойынша берiп жiберуге болады. Байланысулар: e-mail: askar.khikmetov@kaznu.kz, тел.: +7 (727) 300-63-58.

2012 жылдың 18 қаңтарында ф.-м.ғ.д., профессор Тунгатаров Алиаскар Бекеновичтің «Дифференциалдық теңдеулердің үзіліссіз шешімі құрылымының бір әдісі» атты тақырыбында баяндамасы жобаланған.

Оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, МЖИ тыңдаушылары шақырылады. Механика-математика факультетінің докторанттары және магистранттары міндетті түрде қатысулары керек.