Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша QS рейтингтік агенттігі ҚазҰУ-ды әлемдік жоғары оқу орындарының 300-350 тобына көтерді

12 қаңтар, 2012

QS World University Rankings агенттігі Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орын рейтингін жариялады. QS агенттінің берген зерттеу мәліметі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2011 жылы көрсеткіш деңгейін 200 орынға жоғарылатып, әлемнің 700 университеттері ішінен 300-350 ранг ішіне кірді.

ҚазҰУ алғаш 2009 жылы қатысып, барлық көрсеткіштер бойынша 601+ ранг иеленсе, ал 2011ж. университет өз позициясын барлық көрсеткіштер бойынша 200 орынға нығайтып, 401-450 орынға көтерілген болатын.

Халықаралық рейтингтің ең негізгі көрсеткіштерінің бірі Жұмыс берушілердің қанағаттану дәрежесі болып табылады. Сауалнамаға қатысқандар ішінде «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «ҚазМҰнайГаз», «Қазатомпром», «Ақтөбемұнайгаз», «Қазақмыс», «Самрұқ-Қазына», «Даму» қоры, «Инновациялық қоры», «Kazyna Capital Management», «Microsoft Қазақстан», «Ел Арна», «Хабар», «Қазақстан Халық банкі», «Қазақстандық ипотекалық компаниясы», «KPMG», «ҒЗИ», Областық білім беру басқармалары, және т.б. ірі ұйымдардың өкілдері бар.

2011 жылғы сауалнама қорытындысы бойынша Жұмыс берушілердің негізгі саны теориялық, тәжірибелік професионалдық дайындық деңгейлерді (75%) жоғары бағалайды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі