“Тіл және инновация» атты XV халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2012 жыл 20-21 маусым күндері “Тіл және инновация» атты XV халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Конференцияда тіл және оның құрамы мен құрылысындағы инновациялық үдерістер, ақпараттық технологиялар: тіл және оның меңгерілуі, тіл: қоғамдағы жаһандану мен интеграциялық үдеріс тақырыптарында өрбиді.
Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
Ұйымдастырушы комитет мақаланы 2012 жылдың 1 ақпанына дейін қабылдайды Конференцияға қатысу үшін автор материалдың жолдау үшін мақала безендірілуіне қойылатын талаптармен танысу үшін 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы – «Қазақ тілі: әлеуметтік және психолингвистика» зертханасы, 317, 305 а дәрісханаларға және rkraushan7@gmail.com, bektemirova_s77@mail.ru, Danel.Karagoish@mail.ru электронды мекенжайлар мен мына телефон нөмерлері: 8(7272) 377-33-39, 377-33-37 (13-29) арқылы хабарласуға болады.
Жауапты хатшылар: Бектемірова Сәуле Бекмұхамедқызы, Қарағайшиева Данель Алмасбекқызы, Қондыбаева Раушан Жұмакеримқызы, 8(3272) 377-33-39, 377-33-37(13-29),bektemirova_s77@mail.ru,Danel.Karagoish@mail.ru, rkraushan7@gmail.com
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі