«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

13 қаңтар, 2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды

АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

Естеріңізге сала кетсек, байқауға жалпы саны 200 үміткер қатысты. Конкурстық комиссияның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері енді.

"Философия және саясаттану факультетінің 7 профессоры «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауында үздіктер қатарына қосылып, мемлекеттік грантқа ие болды. Бұл жеңіс біздер үшін мақтаныш, үлкен абырой.

Қол жеткізген табыстарды жеке басымның ғана емес, әріптестерімнің, факультет, университет ұжымының атқарып отырған қызметтерінің жемісі деп санаймын және оқытушылардың отанымыздың білімі мен ғылымын дамытуға қосқан үлестерінің жоғары бағалануы деп білемін", -деді грант иегері, философия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының меңгерушісі Жақыпбек Алтаев.