«ҚазАқпрат» ұлттық ақпарат агенттігі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-лардың әлемдік рейтингісінде 300-350 орынға көтерілді
АЛМАТЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «QS World University Rankings» университеттер дамуының сапалық көрсеткіштерін бағалау бойынша әлемдік жетекші агенттігі жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша дүниежүзіндегі үздік ЖОО-лардың рейтингісін жариялады.
Аталмыш рейтингіде еліміздің ең көне оқу орындарының бірі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 300-350 ранг қатарына енді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ барлық көрсеткіштер бойынша 2009 жылы 601-інші, 2010 жылы 501-550, ал 2011жылы 401-450-інші орындарға көтерілген болатын. Биыл жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша тағы 100 орынға жоғары жылжыды. Аталмыш халықаралық рейтингтің негізгі көрсеткіштерінің бірі - жұмыс берушілердің қанағаттану дәрежесі. Сауалнамаға «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Ақтөбемұнайгаз», «Қазақмыс», «Самұрық-Қазына», «Даму» қоры, «Инновациялық қор», «Kazyna Capital Management», «Microsoft Қазақстан», «Ел Арна», «Хабар», «Қазақстан халық банкі», «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «KPMG», ғылыми зерттеу инстиуттары, облыстық білім беру басқармалары мен өзге де ірі ұйымдардың өкілдері қатысты.
2011 жылғы сауалнама қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің негізгі саны теориялық, тәжірибелік кәсіби дайындық деңгейлерді (75%) жоғары бағалайды.