- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинарының жұмысы өтеді
«Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинарының жұмысы өтеді
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде әр аптаның сәрсенбісі сайын «Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинарының жұмысы өтеді. Семинардың жетекшiлерi ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Т.Жұмағұлов және ҚР ҰИА академигі, ф.-м.ғ.д, профессор Н.Т. Данаев,семинар хатшысы ф.-м.ғ.к., А.К Хикметов.
Семинардың жұмысында Қазақстандағы әртүрлi жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамымен бiрге PhD докторанттары және магистранттар қатысады. Сондай-ақ Қазақстанның ғылыми орталықтары мен отандық ЖОО-ның жетекші ғалымдары да қатысады деп жоспарланып отыр.
Семинардың мәжiлiсiндегi баяндама мен сөз сөйлеуге қатыситы мәлiмдемелерді семинар хатшысының электрондық почтасына жiберуге болады. Байланыс көздері: e-mail: askar.khikmetov@kaznu.kz, тел.: +7 (727) 300-63-58.
«Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» семинар аясында 18 қаңтарында ф.-м.ғ.д., профессор Тунгатаров Алиаскар Бекеновичтің «Дифференциалдық теңдеулердің үзіліссіз шешімі құрылымының бір әдісі» атты тақырыбында баяндама жлспарланып отыр.
Семинарға факультет оқытушылары, ғылыми қызметкерлер және МЖИ тыңдаушылары шақырылады. Механика-математика факультетінің докторанттары және магистранттары міндетті түрде қатысулары керек.
Семинар әл-Фараби, 71 мекен-жайындағы механика-математика факультетінің №13-оқу ғимаратында №325 аудиторияда әр апта сайын сәрсенбі күні 17:00-де өткізіледі.
Механика-математика факультеті