- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың эколог магистранттары бүкілресейлік съезд қатысушылары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың эколог магистранттары бүкілресейлік съезд қатысушылары
ШЫҰ желілік университеті бағдарламасы бойынша Ресей халықтар достығы университетінде білім алып жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранттары Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік Кремль Сарайында өткен бүкілресейлік экологтар съезіне қатысып қайтты.
Съезд мақсаты Ресей федерациясының президенті Д.А. Медведевтің қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау, экологиялық тиiмдi технологиялар және табиғи ортаны қорғау шараларының өтуін құқықтық қамтамасыз ету, жиналған экологиялық залалды жою, экологиялық құқық бұзушылықтардың жауапкершiлігін күшейту, халықтың тұрғылықты жағдайын жасау сұрақтары бойынша қойған міндеттерін мемлекет, қоғам, коммерциялық ұйымдармен біріге отырып шешу.
Аталмыш іс-шара ҚазҰУ магистранттарына ресейлік және алыс шетелдік қоғамдық экологиялық ұйымдардың өкілдерімен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік берді.
ШЫҰУ оқу орталығы