- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша QS World University Rankings әлемдік агенттігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 300-350 әлемдік жоғарғы оқу орын ранг қатарына кіргізді!!!
Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша QS World University Rankings әлемдік агенттігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 300-350 әлемдік жоғарғы оқу орын ранг қатарына кіргізді!!!
QS World University Rankings әлемдік агенттігі Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орын рейтингін жариялады. QS агенттінің берілген зерттеу мәліметімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғашқы 300-350 ранг ішіне кіреді.
Естеріңізге түсіре кетейік, ҚазҰУ 2009ж. барлық көрсеткіштер бойынша 601+, 2010ж. - 501-550 орын, 2011ж. университет өз позициясын 2009ж. салыстырғанда барлық көрсеткіштер бойынша нығайтып, 401-450 орын алды. Сонымен Жұмыс берушілер саулнамасы бойынша біз тағы да 100 орынға көтерілдік!
Халықаралық рейтингтің ең негізгі көрсеткіштерінің бірі Жұмыс берушілердің қанағаттану дәрежесі болып табылады. Бұл орайда Мансап орталығы Жұмыс берушілерден сауалнама алу жүргізіледі. Сауалнама алынғандар ішінде, ірі ұйымдардың өкілдері: Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., ҚазМҰнайГаз, Қазатомпром, Актөбемұнайгаз, Қазақмыс, Самрұқ-Қазына, «Даму» қоры, Инновациялық қоры, Kazyna Capital Management, Microsoft Қазақстан, Ел Арна, Хабар, Қазақстан Халық банкі, Қазақстандық ипотекалық компаниясы, KPMG, ҒЗИ, Областық білім беру басқармалары, және т.б.
2011ж. сауалнама қорытындысы бойынша Жұмыс берушілердің негізгі саны теориялық, тәжірибелік професионалдық дайындық деңгейлерді (75%) жоғары бағалайды (4 пен 5 бал); 25% - ҚазҰУ-нің түлектерінің орташа дайындық деңгейін белгіледі (3 пен 3,5 бал). Жұмыс берушілердің сауалнама қорытындысымен толық Мансап орталығында таныса аласыз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымын тағыда бір жеңіспен құттықтаймыз!
Мансап және бизнес орталығы
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті
(QS агенттігінің мәліметі бойынша)