Факультет деканына________________________________________________
Деканның орынбасарына____________________________________________
Ақпараттық хат
Егер сіздің факультетіңіз келесі 2009-2010 жаңа оқу жылында Классификаторға жаңа мамандық ашуды жоспарласа – лицензия алу міндетті екендігін хабарлаймыз. Лицензиялық пакет төмендегі құжаттарды қамтиды:
Факультеттен:
1. Өтініш (үлгі бойынша).
2. Мамандықтың оқу жұмыс жоспары (ҚР Мемлекеттік стандартына сәйкес).
3. Мамандықтың оқытушы мамандармен қамтылуы туралы мәлімет (1 қосымша).
4. Мамандықтың кітапхана қорындағы оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттермен қамтылуы туралы мәлімет (2,3 қосымша).
5. Мамандықтың тәжірибе өтетін орындары ретінде белгіленген ұйымдармен келісімдердің көшірмесі.
6. Лицензиялық жиынтықтың ақысы туралы төлем тапсырысы (төлем үшін бухгалтериялық форманы толтыру).
Әкімшілік келесі құжаттарды ұсынады:
1. Университет Жарғысы (нотариалды расталған).
2. Тіркеу туралы куәлік (нотариалды расталған).
3. Статистикалық карточка (нотариалды расталған).
4. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаңдарын қабылдау-тапсыру актісі.
5. Санитарлық-гигиеналық қамтамасыз ету хаттамасы.
6. Төтенше жағдай саласындағы бақылау және қадағалау рұқсаты.
7. Материалды-техникалық базалар және техникалық оқу көздерінің болуы, тиімді оқу алаңдарымен білім алушылардың толықтырылуы туралы мәлімет.
8. Тамақтану, дәрігерлік қызмет алаңдарымен қамтылуы туралы мәлімет.
Лицензияларды рәсімдеу мәселелері бойынша 10 қабаттағы 4 бөлмеге (телефоны 1385), оқу-әдістемелік әдебиеттер бөлімге хабарласуға болады.