Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжіліс өтеді

18 қаңтар, 2012

19 қаңтар сағат 14.30-да Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжіліс өтеді.

Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлері арналған семинар-мәжілістің ашылуында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов сөз алып, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы арнайы тақырыпта баяндамалар оқиды.

Конференцияда ҚазҰУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева«Университеттегі тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттары және жағдайы туралы», Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Гүлмира Әбдірайымова «Куратор-эдвайзерлердің тәрбие жұмысына көзқарасы» (әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша) баяндамасы, Биология және биотехнология факультетінің деканы Тамара Шалахметова «Факультеттің Куратор-эдвайзерлер кеңесі жұмысының тәжірибесі туралы», Ректор аппараты басшысының орынбасары-студенттер қалашығының директоры Әбдіқаһар Сейітжанов «Студенттер қалашығында тәртіп сақтау жағдайы және жатақханада тұратын студенттермен жұмыс туралы», Механика-математика факультетінің деканы Уалихан Әбдібеков «Корпоративті мәдениет нормаларын енгізудегі этика бойынша комиссия қызметі туралы», География және табиғатты пайдалану факультетінің куратор-эдвайзері Зейнеп Сәрсембекова «Студенттік топ куратор-эдвайзері қызметіндегі тәрбие жұмысының технологиялары» және Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Г.Ә. Сәрсенбекова «ҚазҰУ студенттері оқуға міндетті 100 әдеби шығарма» тізімін бекіту туралы баяндамалар оқиды.

2010 жылдың қараша айында ҚазҰУ Ғылыми кеңесімен куратор-эдвайзерларды тағайындау және олардың тәрбие қызметтерін күшейту шешімі қабылданды. Куратор-эдвайзерлер институтыны 2008 жылдан бастап эдвайзерлер, ал 2010 жылдың қараша айынан куратор-эдвайзерлер институты болып жұмыс істейді. Куратор-эдвайзерлер институтының негізгі субъектілері: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ куратор-эдвайзерлер кеңесі (төраға - әлеуметтік даму жөніндегі проректор); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ куратор-эдвайзерлер мектебі; факультеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі (төраға – декан немесе деканның оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары); кафедраның аға куратор-эдвайзерлері және топ куратор-эдвайзерлері.ҚазҰУ куратор-эдвайзерлер туралы соңғы үш жылдағы көрсеткіштерді салыстырсақ: 2010 жылы – 641 эдвайзер; 2011 жылы – 811, ал 2012 жылы – 866 куратор-эдвайзерге жетті, яғни куратор-эдвайзерлер саны 2010 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 26 процентке өсті. ҚазҰУ-да Куратор-эдвайзерлердің жаңа ережесі бекітілді. Ректор бұйрығымен куратор-эдвайзерлер міндеттері көлемінің артуына байланысты 2010 жылдың 1 желтоқсанынан айлықтарына қосымша төлемақы тағайындалды. Куратор-эдвайзерлер институты студенттік өзін-өзі басқару органдарымен және түрлі студенттік бірлестіктер, клуб, үйірмелермен тығыз байланыста. ҚазҰУ-дың әр факультеттерінде студент белсенділері мен куратор-эдвайзерлерден, қызметкерлерден тұратын және деканның төрағалығымен «Этика жөніндегі кеңестер» жұмыс істейді. Куртаор-эдвайзерлер «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративті мәдениет кодексі», «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы туралы ереже», «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті туралы ереже», «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің ар-намыс кодексі» құжаттары қабылданған.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі