«Цирфрлық дәуірде архившілер мен құжаттанушыларды кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері»

9 желтоқсан, 2022

 

9 желтоқсан 2022 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы мен ҚР Президенті Архиві бірлесіп «Цирфрлық дәуірде архившілер мен құжаттанушыларды кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері» атты семинар ұйымдастырды. Семинарға ЖОО, ООО оқытушыларымен қатар қалалық, аймақтық архивтердің қызметкерлері және студенттер мен докторанттар қатысты. Семинар барысында талқыланған баяндамалар: «Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы архивтану және құжаттану мамандығы бойынша диплом жұмыстарының негізгі бағыттары» (ҚР ПА сарапшысы Г.Б. Нургожина); «Қазіргі кезеңдегі архивші-құжаттанушы мамандарды даярлау мәселелері» (әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Архивтану және құжаттану» бағыты бойынша білім беру бағдарламасының үйлестірушісі, т.ғ.к., доценті Н.К. Алпысбаева ); «Архивші жастардың келешекке көзқарасы» (т.ғ.д., әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессор м.а. Ысқақ А.С.); «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің дамуы:архив қызметін жетілдірудегі кадрлардың рөлі» (Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві директорының орынбасары И.А. Ибраева); «Қазақстан-Америка еркін университетінде архивтану мамандарын даярлау ерекшеліктері» (Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Л.П. Турова); «Ғылыми-техникалық құжаттамалармен жұмыс жөніндегі мамандарды даярлау ерекшеліктері» (ҚР ОМ ҒТҚА жоғары деңгейдегі маман-архившісі Ә.А. Тұрсыналиева); «Білікті маман даярлаудағы колледж бен архивтердің ынтымақтастығы» (Алматы көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы, педагог-зерттеуші Г.С. Жұмақова). Семинар барысында архивші-құжаттанушы мамандарды даярлаудағы басты проблемалар, атап айтсақ, архивист-құжаттанушы мамандығына бөлінетін білім беру гранттары санының соңғы жылдары азаюы, «Архив ісі» және «құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» бағыттары бойынша Салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды қайта әзірлеу қажеттілігі, жастардың мамандыққа деген қызығушылықтары және т.б. талқыланды.