«Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты алғашқы семинар-тренинг
18 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастырумен алғаш рет факультеттердегі клубтар мен үйірмелердің жетекшілеріне арналған «Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты семинар-тренинг өтті.
Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры, ф.ғ.к., доцент Г. Сәрсенбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі клубтардың ағымдағы оқу жылындағы жүргізілген жұмыстарының қарқындылығына тоқталса, Куратор-эдвайзерлер мектебінің мүшесі п.ғ.к., доцент Ұ. Төлешова клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясына және өзі жетекшілік ететін «Шабыт» студенттер театрының жұмыстарына тоқталып, жиналғандармен тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Ш. Канафьева клубтар мен үйірмелерде өткізілген мәдени-танымдық шараларды атап өтті.
Алғаш бас қосқан клуб және үйірме жетекшілері өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, қызу пікір-алмасты. Осындай бас қосулар алдағы уақытта дәстүрге айналмақ.
Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент