Университеттегі тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттары пысықталды
19 қаңтарда Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжіліс өтті.
Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжілістің ашылуында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов сөз алып қара шаңырақтың әлі де қарыштап дамып және ел болашағы иелерін дәстүрді жалғастыра отырып заманауи тәрбиелеу үшін ақылдасу, кеңесу тәрбие жұмыстарын жандандырып, жаңғыртуда бірлесіп жұмыс атқару мақсатында жиналып отырғандықты айтып, әлеуеті биік мамандар даярлауда ұстаздар қауымына қойылатын талаптың ба биік екендігін тілге тиек етті.
Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжілісте ҚазҰУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева «Университеттегі тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттары және жағдайы туралы» баяндама жасады. Онда тәрбие саласында атқарылған жетістіктер мен әлі де мықтай түсу қажет тұстарды шегелеп айтты. Ол тәрбие жұмысын жүйелікпен қамтамасыз ету, әлуметтік серіктестікті дамыту, азаматтық, патриоттық, рухани-адамгершілік және мәдени эстетикалық тәрбиелеу, салауатты өмір салты, ауытқушылықтың алдын алу, университет имиджін арттыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту сияқты бағыттар әлеуметтік дамудың индикативті жоспарларын құрайтындығын сараптап өтті. Шолпан Ерболқызы мәлім еткендей, университетте куратор-эдвайзерларген үлкен қолдау қалыптасқан. Рейтинг бойынша, 99 үздік куратор-эдвайзер жалақысына қосымша үстем ақы алады, кураторлар мектебінде апта сайын кеңес беру жұмысы жүзеге асады. Әлеуметтік даму жөніндегі проректордың баяндамасынан белгілі болғандай, 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап факультеттерде «сабақтан тыс уақыттағы ұйымдастырушы – аға куратор» ақылы қызмет түрі және жаңа оқу жылынан бастап куратор-эдвайзерлер еңбек ақысына қосымша төлем енгізілмек. Университетте атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде демеушілік шәкіртақылар саны жоспардан асып түскендігін, яғни бүгінде ҚазҰУ-да озат студенттер мен әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге қолдау ретінде жоспарланған 94 шәкіртақының орнына 111 атаулы шәкіртақы тағайындалғандығында көпшілік назарына ұсынды.
Сондай-ақ, басқосуда Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Гүлмира Әбдірайымова «Куратор-эдвайзерлердің тәрбие жұмысына көзқарасы» (әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша) жайында баяндаса, Биология және биотехнология факультетінің деканы Тамара Шалахметова «Факультеттің Куратор-эдвайзерлер кеңесі жұмысының тәжірибесі туралы» бөлісіп, Ректор аппараты басшысының орынбасары-студенттер қалашығының директоры Әбдіқаһар Сейітжанов «Студенттер қалашығында тәртіп сақтау жағдайы және жатақханада тұратын студенттермен жұмыс туралы» ал, Механика-математика факультетінің деканы Уалихан Әбдібеков «Корпоративті мәдениет нормаларын енгізудегі этика бойынша комиссия қызметі туралы» кеңінен баяндады. География және табиғатты пайдалану факультетінің куратор-эдвайзері Зейнеп Сәрсембекова өзінің тәжірибесімен бөлісіп, «Студенттік топ куратор-эдвайзері қызметіндегі тәрбие жұмысының технологиялары» барысына тоқталды. Тәрбие жұмысын жақсарту мен тұлға қалыптастыруда кітап – асыл қазына екендігі даусыз, жасалған шаралар мен игі істердің көңілге қонып, санаға тоқылуы үшін кітап оқу, студенттердің кітапқа деген сүйіспеншілігін дамыту басымдылығында жасалған жобамен бөліскен Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Г.Ә. Сәрсенбекова «ҚазҰУ студенттері оқуға міндетті 100 әдеби шығарма» тізімін бекіту туралы баяндама оқыды. Ұстаздардың басын қосқан бұл жиналыста әлеуеті жоғары, көкжиегі кең, білімді де қабілетті маман қалыптасуы үшін кітапқа деген қызығушылықты туғызу оң нәтижеге жетелейтіні сөзсіз екендігін ескерген қара шаңырақ ұжымы студентті жан-жақты дамытуға жол ашатын кітаптардың тізімін ұсынды. Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Гүлнар Сәрсенбекова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс әдеби шығарма тізімін талқылауға “UNIVER” жүйесінде 1270 оқытушы қатысқандығын айтып, талқылаудан кейін іріктелгін 100 кітаптың тізімін ұсынды. Тізімді Абай шығармаларының жинағы, қара сөздері, Мұхтар Әуезрвтің «Абай жолы» романы бастаған, сонымен бірге алаш арыстарының шығармалары, қаза қәдебиеті өкілдерінің еңбектері және әлем әдебиеті де тізімнен тыс қалмаған.
Ректор аппараты басшысының орынбасары-студенттер қалашығының директоры Әбдіқаһар Сейітжанов: «ҚазҰУ қалашығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылдың 20 желтоқсанынан бастап ректордың арнайы тапсырысымен кешкі 20.00-ден кейін қалашыққа ешқандай көлік кіргізілмейтінін ал, қызметкерлер мен тұрғындар, студенттер арнайы рұқсат қағаздарымен ғана кіреді. Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сағат 19.00. мен 23.00. аралығында арнайы автобус Тимирязев көшесінен жатақханаларға дейін студенттерді тегін тасымалдайды», -дейді. Сондай-ақ, ол студенттік кампустағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында басшылықтың тапсырмасымен университеттің оқу ғимараттарында, жатақханаларда арнайы турникеттер, видео бақылау камерасы мен сигнализация қондырғылары орналастырылғандығын да тілге тиек етті. Ендеше жиылыстағы мәліметтерден байқағанымыздай, еліміздің әр өңірінен келген талапкерлер қауіпсіз мекен қара шаңырақта біліммен сусындап, тәлім-тәрбие алып, салауатты өмір салты мен темірдей тәртібі қалыптасқан студенттік қалашықта еліміздің бәсекеге қабілетті маманы болып дами түспек.
Осылайша бір ізге жүйеленген куратор-эдвайзерлар жұмысы бұл отырыста тағы бір пысықталып, болашаққа биік мақсат пен айқын бағдар қалыптастырды. Бұл бағытта сүбелі үлес атқарып жүрген жастар тәрбиешілері марапаттан да кенде қалмады. Студенттермен тәрбие жұмысын жүргізуде жеткен жетістіктері мен қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесі үшін халықаралық қатынастар факультетінің куратор-эдвайзері Бөрібаева Сафура Болатқызы, философия және саясаттану факультетінің куратор-эдвайзері Төлешова Ұлмекен Болатқызы, химия және химиялық технология факультетінің куратор-эдвайзері Сейілханова Гүлзия Аманкелдіқызы, шығыстану факультетінің куратор-эдвайзері Жұмажанова Фарида Тоқанқызы, заң факультетінің куратор-эдвайзері Әлімқұлов Ербол Темірханұлы және филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің куратор-эдвайзері Когай Эльмира Радиковна Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университететі ректорының Құрмет грамотасымен марапатталады. Сөз соңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалым Мұтанов: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», дейді халық даналығы. Ендеше түлектер бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру біріншіден, ұстазға байланысты. Ол үшін әрине, алдымен, ұстаз осы атаққа сай болуы керек. Бүгінгі жастар өте сезімтал, ол аудиторияда алдарында кім сөйлеп тұрғанын, неге қабілетті екенін бірден сезе қояды. Сондықтан да ұстазға қойылатын міндет те, талап та өте жоғары. Оқытушылар жақсы қырынан дами түсіп, сол құндылықтарды студенттерге жұғысты қылайық. Әр педагог өзінің ұстанымы мен болмысы арқылы мәдениет пен әдептіліктің тасымалдаушысы болу керек. Ұстаз – болашақ иегерлерінің тәрбиешісі. Әр педагог мәдениетті, әдепті, Ендеше болашағымыз үшін аянбай еңбек етейік», - деген мәнді де, мағынала, терең астарлы зор бастамамен мәжілісті қорытындылады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі