ҚазҰУ мен «БТА Банк» «Жеңілдетілген Ипотекалық Несие» жобасына қол қойды

20 қаңтар, 2012

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «БТА Банк» АҚ арасында «Жеңілдетілген Ипотекалық Несие» жобасына қол қойылды.

Құжатқа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан Экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегіпроректор Евгений Ан ал, «БТА Банк» АҚ жағынан Басқарма Төрағасының орынбасары Әділхан Оңғарбаев қол қойды.

Кездесуге сонымен бірге «Парасат» ҚазҰУ қызметкерлері кәсіподағының төрағасы талғат Мекебаев, «БТА» Банк« АҚ басқарушы директоры Күнсұлу Қапбасова, «БТА банк» Алматы филиалының директоры Гүлмира Әбділдинова, «Алматы Пана LTD» ЖШС директоры Асқарбек Ноғайбаев қатысты.

Әділхан Оңғарбаев білім ордасымен өзара әріптестік байланыстың жоғары деңгейде қалыптасқандығын айтып, әлі де ҚазҰУ-дың үздік оқытушыларына банк тарапынан тағайындалатын шәкіртақылар санын арта түсетіндігін жеткізді. Сонымен бірге жеңілдетілген баға, тиімді кешенді қамтитын «Жеңілдетілген Ипотекалық Несие» жобасы да екіжақты сәттілікке куә болсын деген пікірін жеткізді. «БТА Банк» АҚ бөлім бастығы Сергей Нам жаңа жобаға орайластырылған «БТА банкі және ҚазҰУ серіктестігі» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті. ҚазҰУ Экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегіпроректор Евгений Ан жеңілдетілген несие негізінде баспанамен қол жеткізу мүмкіндігіне қызметкерлер қызығушылық танытып отырғандығын жеткізді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі