- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қысқы каникул кезіндегі әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессорлық оқытушылар құрамына «Дін және мемлекет» тақырыбындағы семинар өткізілді
Қысқы каникул кезіндегі әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессорлық оқытушылар құрамына «Дін және мемлекет» тақырыбындағы семинар өткізілді
Үстіміздегі жылдың 12-13, 18 қаңтарында кестеге сай дінтану және мәдениеттану кафедрасының биологиялық факультетінің үлкен акт залында «Дін және мемлекет» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар кезінде төмендегі мәселелер қозғалды:
12.01.2012
Мемлекет пен дін арақатынасы тақырыбы бойынша Қазақстан және діни бірлестіктер: жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуының кезеңдері, Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы, сонымен қатар ҚР Конституциясындағы ар-ождан және сенім бостандығы: құрылымы, негізгі қағидалары мен практикалық жүзеге асуы, мемлекеттік билік органдарының және жергілікті басқару органдарының қызметіндегі діни сенімге байланысты саясаты мәселелері қарастырылды. Лекторлар: кафедра меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Курманалиева А.Д., филос.ғ.д., доцент ЗатовК.А.
13.01.2012
Қазақстандағы діндер тақырыбы бойынша Қазақстандағы ислам, православие және діни сенімдер, Қазақстан тарихындағы католицизм, протестантизмнің таралу ерекшеліктері, қазіргі жағдайы, мемлекет пен қоғаммен қарым-қатынасы, Қазақстандағы жаңа діни бірлестіктер: пайда болу себептері, сипаты, даму тенденциялары, таралу географиясы, әлеуметтік базасы туралы мәселелер қарастырылды.
Лекторлар: филос.ғ.д., профессор Байтенова Н.Ж., филос.ғ.д., профессор Борбасова К.М.
18.01.2012
Конфессияаралық келісім және толеранттылық тақырыбы бойынша қазіргі әлемдегі діни плюрализм мәні, әлемдік діндердегі толеранттылық, әр түрлі діндер өкілдерімен сұхбат жүргізе білу біліктілігі мәселелері қарастырылды.
Лекторлар: филос.ғ.д., профессор Рысбекова Ш.С., филос.ғ.д., доцент Бейсенов Б.К.
Қысқы каникул кезіндегі әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессорлық оқытушылар құрамына «Дін және мемлекет» тақырыбындағы семинар материалдарын интанеттер алуға болады.