Көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған мәдени-тарихи іс-шара

23 желтоқсан, 2022

2022 жылдың 23 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және халықаралық «Қонаев қоры» бірлесіп көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Тарихи тұлғалар - ел есінде» атты мәдени-тарихи іс-шара өткізді. Шара барысында Халықаралық «Қонаев қорының» Президенті Э.А. Қонаев, ҚР ҰҒА Президенті М.Ж. Жұрынов, ҚР ҰҒА академигі Б.Е.Көмеков, ҚР ҰҒА академигі Б.Б. Кәрібаев, т.ғ.д., профессор Қ.С.Алдажұманов, ф.ғ.д, профессор, «Иран-Тұран» зерттеу орталығының директоры И. Жеменей және Халықаралық Д.А.Қонаев қорының мүшесі Қ. Сраилов, «Қонаев» мұражайының тұңғыш директоры Б.З. Баталханов, сонымен бірге жетекші тарихшы, филолог, қоғамтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Ресми ашылуы мен пленарлық мәжілісі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ. Түймебаев пен ҚР ҰҒА Президенті М.Ж. Жұрыновты Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының мерейтойлық Орденімен марапатталуымен басталды.

Д.А. Қонаевтың 1954 жылы Қытайға барған сапары туралы «30 дней в народном Китае» атты кітабының 2-басылымының тұсаукесері өтті.

Шара барысында ширек ғасырдан аса Қазақстанның басшылығында болған Д.А. Қонаевтың мемлекеттік, саяси және ғылыми қызметі талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық және мәдени салаларын дамытудағы ерен еңбегі талданды. Көзін көрген замандастары мен қызметтес болған орта буын өз естеліктерімен бөлісе отыра, ұлт қайраткерінің ел тарихының дамуына қосқан үлесін жан жақты талқылады.