Қырғыстандағы академикалық мобильдік

23 желтоқсан, 2022

2022 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында әл-Фараби ҚазҰУ-ті «Менеджмент» кафедрасыныңаға оқытушысы., э.ғ.к. Туребекова Бажан Отемаратовна М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетінің студенттеріне «Fundamentals of rational nature management» пәнінен лекциялар курсын оқыды (Бішкек, Қырғызстан). Сабақтар оқытудың прогрессивті әдістерін қолдана отырып, онлайн форматында жүргізілді.

М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университет қоғамның заманауи талаптарына жауап беретін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамытып, оқу үдерісіне жетекші университеттерден шетелдік оқытушыларды тартуда.