Халықаралық ынтымақтастық

30 желтоқсан, 2022

2022 жылдың күзінде Ресей ғылым академиясының Сібір филиалының Геология және минералогия институтының аға ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының докторы Кох Константин Александрович химия және химиялық технология факультетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасына шақырумен келді.

Сапардың мақсаты – кафедра қызметкерлерімен және студенттерімен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, функционалдық бейорганикалық материалдарды алу әдістерін және оларды зерттеу әдістерін оқыту. Мәселен, жұмыс барысында қоспа элементтерінің таралу дәрежесін зерттеу үшін сульфидті қосылыстар синтезделді, сору бағанасы құрастырылды және вакууммен жабылған кварц ампулаларын алу үшін сынақтан өтті. Сонымен қатар, кафедра мен РҒА СФ ГМИ  арасындағы ынтымақтастық пен білім алмасудың алдағы жоспарлары талқыланды. Жаһандық қор жобаларының шетелдік қатысушысы және студенттердің жетекшісі бола отырып, ғылымның дамуына және кафедраның жас ғалымдарының біліктілік деңгейін арттыруға зор үлес қосты.