Ағылшын пәнінің оқытушыларына арналған семинар өтті
25 қаңтар, 2012
18-19 қаңтар аралығында қалықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік бюросы және Біліктілік көтеру Институты бірлесе отырып ҚазҰУ ағылшын пәнінің оқытушыларына арналған семинар өткізді.
Семинар “Some effective approaches to motivate students in learning English” және “Some effective ways of teaching grammar» тақырыптарын қамтыды.
Бұл семинар осымен екі жыл қатарынан, тегін өткізілуде. Семинардың құндылығы - тәжірибе алмасу, оқыту әдістемесінің озық тәжірибелерін талқылау болып табылады. Семинарға университеттің 4 тіл кафедрасынан 58 ағылшын пәнінің оқутышысы қатысты, семинарды ҚазҰУ доценті М.К. Макишева өткізді.
Семинарға катынасқан оқытушыларға сертификат тапсырылды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024