ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ТРЕНИНГТЕРІ

25 қаңтар, 2012

ЖОО оқытушыларының кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіру – университеттің маңызды міндеттерінің бірі. Сонау XX ғасырдың 70 жылдарында педагогика кафедрасын п.ғ.д., профессор Қ.Б. Бержанов басшылық еткен кезде кафедра аясында Педагогикалық шеберлікті жетілдіру институты жұмыс жасаған. Қазіргі таңда біздің кафедра сол дәстүрді қайта жаңғыртуда.

Студенттердің демалыс уақытысында тәрбие жұмысы және академиялық мәселелер Департаменттерінің ұйымдастырушылық қолдауымен университет оқытушыларына арналып тренингтер жүргізілді. Жалпы алғанда педагогика кафедрасы университет оқытушыларына қаңтар айында 2 апта бойы 37 тернинг өткізді. 09.01.12-17.01.12 аралығында мәселелік, жобалаушылық және тұлғаға-бағытталған оқыту бойынша тренингтер жүргізілді. 12.01.12-19.01.12 аралығында куратор-эдвайзер мектебінің ұйымдастыруымен тәрбие жұмысы мәселелеріне байланысты тренингтер жүргізілді.

Оқытушылардың көптеген сұранысы себебінен тұлғаға-бағытталған оқыту бойынша жоспарланған 15 тренинг орнына 20 тренинг жүргізілді. Оқыту орыс және қазақ тілдерінде қатар жүргізілді, орыс топтарында п.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мынбаева, п.ғ.к., доцент Г.А. Қасен, ал қазақ топтарында п.ғ.к., доцент Н.С. Әлқожаева мен аға оқытушы Қ.Б. Жұмабекова.

Тренигтің бірінші бөлімінде оқытушылар қазіргі педагогикалық ғылымдағы тұлғаға-бағытталған оқыту теориясы, негізгі идеялары және принциптерімен таныс болды. Одан кейін тренингке қатысушылар ПОӘК және силлабус тапсырмаларын өңдеу бойынша топтық жаттығулар жасады.

Тренингтің екінші бөлімінде қатысушылар оқытудың жобалау әдісі бойынша дидактикалық картаны толтырып, мәселелік дәріспен жобалап оқытуға арналған мәселелердің бағыттарымен танысты. Осыған байланысты оқыту семинары 2011жылдың қыркүйек айында университетіміздің 9 факультетінде өткізілді. Осы семинарда мәселелік оқытудың негізгі теорияларық ережелерімен идеялары қарастырылып олардың жетістіктері мен кемшіліктері қарастырылды.

Тренингтердің ерекшеліктері өткізуші студенттерге арналған оқыту үдерісінің жолдарын жеңілдету, жақындату, әрбір педагогтың өзіндік қабілеттерін ашу және белсендіру. Оқытудың ойын түрі, топтық жұмыс, оқытудың әртүрлі әдістері арқылы оқытушылар тұсаукесер жұмыстары көрсетілді. Тренингке қатысушылардың пікірінше семинарлар тек қана оқытудың жаңа технологиялары мен таныстырып қана қоймай оқытушылар арасындағы корпоративттік рухты, университетіміздің ПОҚ формальды емес жағымды қарым-қатынас жасауға пәнаралық байланыс орнатуға септігін тигізді.

Кураторлық сағатты қалай қызықты өткізуге болады? Студенттік өмірді қалай қызықты және шығармашылыққа толы өткізуге болады? Студенттердің бойында корпоративттік мәдениетті және ұжымдық рухты қалай қалыптастыруға болады?

2012ж қантар айынын 12 – 18 жұлдыздары аралағында педагогика кафедрасының озат профессор, доценттері мен оқытушылары – Ә.Қ. Мыңбаева, К.Ж. Қожахметова, Н.С. Әлқожаева, Ұ.Б. Төлешова, Г.А.Қасен, А.Б. Мұқашева, З.М. Садвакасова, М.Д. Шағырбаева 17 тренинг төмендегідей тақырыптар бойынша «Развитие креативных навыков студентов», «Командообразование в студенческой группе на основе социометрии», «Ключ к успеху в профессиональной деятельности», «Тәрбиенің заманауи технологиялары», «Куратор-эдвайзер – студент – ата–ана ынтымақтастығы», «Зерттеу университеті жағдайында студенттерді коммуникативті мәдениетің жетілдіру» өткізді

«Развитие креативных навыков студентов» тренингі оқытушылардың өз топтарымен жүргізетін кураторлық сағаттарда қолдануына мүмкіндік беретін шығармашылық қабілеттерін ашу мен дамытуға бағытталған. Тек шығармашылық педагог қана шығармашылық тұлғаны қалыптастыра алады.

Тренингте республика бойынша біздің оқытушыларымыздың ең шығармашыл, ең үздік екендігіне көз жеткіздік. Ең шағрмашыл деп журналистика, философия және саясаттану, физика, география факультеттерінің куратор-эдвайзерлері танылды.

«Куратор-эдвайзер – студент – ата–ана ынтымақтастығы» тренингінде кураторлар рөлдік ойындарын ойнады, студент ата-аналарының көтеріп жатқан мәселелерін талқылады, студенттердің ата-аналарымен әрекеттесу тәжірибесімен бір бірімен пікір алмасты.

Әрбір инновация және өзгеріс педагогтан басталады. ХХІ ғасыр майталмандарын тәрбиелеуде оқытушылардың өз жұмысына деген белсенді және шығармашылық қатынасынсыз біз жетістікке қол жеткізе алмаймыз. Әріптестерімізге сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз және университетіміздің мәртебесінің жоғарылауына тілектеспіз.

Ә.Қ. Мыңбаева,

Философия және саясаттану факультетінің

жалпы және этникалық педагогика

кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор