"Бизнес - ЖОО"

28 қараша, 2022

"Бизнес - технологиялар" кафедрасының "Smart marketing and logistics" орталығының алаңында "Бизнес - ЖОО" жүйесін іске асыру мақсатында үздік тәжірибелерді анықтау және тарату үшін жұмыс берушілермен іс-шаралар (шеберлік сабақтар, ашық дәрістер) өткізілуде.Жұмыс берушілермен өзара іс-қимылдың негізгі басымдығы -білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру болып табылады.Мәселен, 2022 жылдың 28 қарашасында Әбілшайықов Нариман, э.ғ. к., доцент, МВА, Qazaq Oil атқарушы директоры "Менің қолымнан келеді!" атты "Логистика"мамандығының 3 курс студенттеріне арналған мотивациялық дәрісін өткізді. https://www.kaznu.kzКездесуді ұйымдастырушылар Сартова Р.Б., Шарапиева М.Д. болды.Іс-шараның нәтижесі жастардың кәсіпкерлік қызметке деген қызығушылығын арттыру, жас кәсіпкерлердің перспективалық идеяларын ілгерілету, инвесторлар мен демеушілерді жастардың жаңа идеялары мен жобаларына тарту, кәсіпкерлік бастаманы танымал ету, жас кәсіпкерлер санын ұлғайту, қоғамдық жастар ұйымдарының қызметін жандандыру болады.Студенттерге арналған дәріс өте қызықты, танымдық болды. Дәріс соңында Әбілшайықов Н.Б. студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.