"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

26 қаңтар, 2012

АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы Қазақстанның ғана емес Орталық Азиядағы инновациялық дамудың локомотиві бола алады.

Бұл туралы бүгін Алматы Инновациялық форумы аясында өтіп жатқан ІІ Инновациялық конвент барысында айтылды.

«Біз «Инновациялық Алматы» деген жоба ұсынып отырмыз. Ол әр салада жасалып жатқан жұмыстарды бір бағытқа жұмылдыруды көздейді. Соның нәтижесінде Алматыны әлемдік деңгейдегі инновациялық қалаға айналдыру көзделіп отыр. Онда халықаралық тәжірибелер зерттеліп, инновациялық даму тетіктерімен өзіміздің мүмкіндіктер ескерілді», - дейді әл-Фрараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің ректоры Ғалым Мұтанов.

Ғ.Мұтановтың айтуынша, жоғары технологияларды енгізу арқылы «Ақылды қала» жобасының негізі салынады. 2020 жылға дейінгі бұл жоба Алматының дамуына зор ықпалын тигізбек. Өйткені Алматы ғылыми-техникалық кадрлар, жоғары оқу орындары, ғылыми зерттеу институттары, өндірістік патенттер көрсеткіштері жағынан болсын, елімізде алда келе жатқан қала.