Конференцияда білім сапасын жақсарту сұрақтары қарастырылды

27 қаңтар, 2012

27 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық әдістеріне және білім сапасын көтеруге арналған «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» 42-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтуде. Конференцияны ҚаҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтанов алғы сөзімен ашып, Ұлыбритания ашық университетінің профессоры Бенжамин Местел мен Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың онлайн-жүйедегі баяндамасы тыңдалды. Цукуба университетінің профессоры Лесли Ткач-Кавасаки өз баяндамасын университет тарапына ұйымдастырылып отырған конференцияға алғысын білдіріп және оның көтеріп отырған тақырыбының актуальдығын айтты.


Конференцияға ҚазҰУ оқытушы-профессордар құрамы толық қатысты. Алыс шетелдің Испания, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия және ТМД елдерінің ғылыми-зерттеу орталықтары мен қорларының өкілдері, сонымен қатар Ломоносов атындағы ММУ мен РХДУ және қазақстандық жетекші ғалымдар мен педагогтар қатысып отыр. Қазақстанның өзге университеттерінен келген студенттерге қатысып, лекция тыңдауға мүмкіндік жасалды.

Игорь Ткаченко, Вален политехникалық университетінің профессоры, білім беру үдерісіндегі инновациялық әдістер, модульдік оқыту жағдайы жайында баяндама жасады.

Сонымен қатар конференция аясында «PhD-докторантурасы мен магистратурада білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуы - зерттеу университетінің жетекші қызметі»» дөңгелек үстелі (модераторы - Ин Майко, Халықаралық жапон қоры) мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің информатика кафедрасының 10 жылдығына арналған «Білім беру үдерісіндегі IT рөлі» пәнаралық ғылыми-әдістемелік семинардың жұмыстары өтіп жатыр.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі