- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жолдау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен талқыланды
Жолдау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен талқыланды
28 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР БжҒМ Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын талқылау өтті. Жолдауды талқылауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, университет проректорлары, факультет декандары және оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы басқа да ЖОО басшылары және білім-ғылым саласы мекемелерінің басшылары өкілдері және ғалымдар да жиналды.
Кездесудің мақсаты кезекті Елбасының Жолдауын талқылап, онда айтылған басымдықтарды таразылап, үн қосу.
«Білім, ғылым саласын дамытуда Елбасы биылғы Жолдауда көп міндеттер қойып, үлкен сенім артып отыр. Біздің мақсат – осы жылы білім беру сапасын арттырып, Жолдауда айтылған істерді іске асыру», - болып табылатындығын айтты Бақытжан Жұмағұлов.
ҚазҰУ-дың магистранттары мен докторанттары да белсенділік танытып, отанымыздағы ғылымды дамытуда еренбей еңбек ететіндіктерін жеткізді.
Бұл Жолдау тек университет алдында емес, әрбір қазақ азаматының алдында жауапты іске кірісуін меңзеп отыр. Ел әлеуметін, экономикасын арттыруда Елбасы атап айтқан тұстарымызды ерекше қарқынмен дамытсақ, білім де, ғылым да жоғары деңгейде болмақ.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі