Радикализмнің алдын алу: Алматыда халықаралық қысқы мектеп жұмысын бастады

23 қаңтар, 2023

«Халықаралық қысқы мектеп  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ұйымдастыруымен және Алматы қаласындағы Түркияның бас консулдығының қолдауымен басталды. Бүгін Астанадағы елшіліктен Дін істері бойынша кеңесші келіп отыр. Өйткені, мәселеге мемлекеттік қолдау және бірізділік керегін айқындай түсті», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев.