- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Атамекен» ҰКП 2022 жылғы ұлттық рейтингінде көш бастап тұр
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Атамекен» ҰКП 2022 жылғы ұлттық рейтингінде көш бастап тұр
2022 жылғы «Атамекен» ҰКП ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 64 білім беру бағдарламасынан (ББ) 50 ББ үздік Топ-10-ға кірді.
Осылайша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кезекті рет қазақстандық және жетекші шетелдік жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық позициясын көрсетті. ҚазҰУ түлектері еңбек нарығында сұраныс пен бәсекеге қабілеттіліктің жоғары дәрежесіне ие, оған жұмыспен қамтудың және орташа жалақының жеткілікті жақсы деңгейі дәлел бола алады. ҚазҰУ-дың ұлттық рейтингтегі жоғары жетістіктері университеттің білім беру бағдарламаларын өзектендіру және оқыту мен білім беру процесінің сапасын арттыру бойынша жүргізген жұмысының нәтижесі болып табылады.
«Атамекен» ҰКП ҚР ҒЖБМ-мен бірлесіп бесінші жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізеді. Рейтинг 19 критерий бойынша өткізілді, олардың ішінде: түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, түлектердің орташа жалақысы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылар құрамының сапасы және білім беру бағдарламаларының өзектілігі.
ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламалары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және жоғары білім беру жүйесіне қойылатын заманауи талаптарды және білім беру қызметтерін тұтынушылардың сұраныстарын ескере отырып әзірленген.
Рейтинг қорытындыларымен төмендегі сілтеме арқылы агенттіктің сайтында танысуға болады: https://atameken.kz/ru/university_ratings