ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЬ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН РЕСЕЙ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

26 қаңтар, 2023

Ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімшарт негізінде, сонымен бірге Қазақстан мен Ресей университеттері арасындағы халықаралық қызметті белсенді ету үшін әль - Фараби атындағы ҚазҰУ (www.kaznu.kz)«Бизнес – технологиялар» кафедрасының оқытушылары Ресей Халықтар достығы университетінің «Маркетинг»кафедрасының 4 – ші курстың 20 студентіне «Стратегиялық маркетинг» пәні бойынша онлайн форматта сабақ жүргізді.кредит көлеміндегі аталған курс 01.11.2022 – 25.01.2023 уақыт аралығында Қысқы мектеп аясында өтті.

«Маркетинг» оқу бағдарламасы бойынша ресей студенттерінің жоғары білім деңгейін көрсеткен бұл курс – дәріс, семинар сабақтары, сондай – ақ студенттердің өзіндік жұмыстарынан тұрды.

әль – Фараби атындағы ҚазҰУ әртүрлі бағытта шет елдік жоғары оқу орындарымен одан әрі халықаралық ынтымақтастықты арттырады.