Гавр университетінің вице-президенті Жан-Ноель Касториомен кездесу

26 қаңтар, 2023

Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жаһандық серіктестік кеңсесінің жетекшісі Медеу Тойшыбек, Философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев, Деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Айгүл Алшымбаева, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Әбдірайымова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Нұрсұлу Әлқожаева, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманәлиева, философия кафедрасының меңгерушісі Әсет Құранбек қатысты.

Кездесуді ашқан Философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев факультеттің Білім беру бағдарламаларымен, ғылыми әлеуетімен, жетістіктерімен таныстырды, өз кезегінде сөз алған профессор Жан-Ноэль Касторио Гавр университетінің мүмкіндіктерінен хабардар етіп, өз оқу орнының қазақстандық студенттердің санын арттыруға, ҚазҰУ ғалымдарымен тұрақты байланыс орнатуға мүдделі екендіктерін жеткізді. Жиын барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессор-оқытушылар мен студенттердің алмасуын жүзеге асыру, Гавр университетінде дәріс оқу үшін ҚазҰУ ғалымдарына арнайы орындар бөлу, Философия және саясаттану факультетінің барлық білім беру бағдарламалары бойынша ынтымақтастық ұсыныстарын Нормандия аймағы университеттеріне жеткізу тұрғысындағы мәселелер пысықталды. Шетелдік мәртебелі қонақпен әсіресе әлеуметтану ғылымы саласы, сондай-ақ философия, оның ішінде антик тарихы мен философиясы алаңында екі жақтың ғалымдарының коллаборациясын орнықтыру қажеттілігі сараланып, алда байланыстарды жолға қоюға қатысты нақты қадамдарды қолға алуға өзара сенім білдірілді.