Тәрбие-тал бесіктен

10 қараша, 2022

География және табиғатты пайдалану факультетінде қараша айының 10 жұлдызында «Геодезия және картография» мамандықтың 2 курс студенттерімен «Тәрбие-тал бесіктен» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл - ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде.