Ер азаматтың қамқорлығы

23 қараша, 2022

География және табиғатты пайдалану факультетінде қараша айының 23 жұлдызында «Геодезия және картография» мамандығының 2-курс ер балаларымен «Ер азаматтың қамқорлығы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Ер азамат біздің өмірімізде маңызды рөл атқаратын тұлға екені мәлім. Отан қорғау, елі үшін қызмет ету, аштық заман туса аңға шығатын, нәзік жандылардың тіреуі болатын және ата-ана асыраушысы осы ер азаматым екенін айтқым келеді. Кураторлық тобымның 80 пайызы ер азаматтар болғандықтан сондай санаулы ғана нәзік жанды қыздарымызды сыйлауды, бағалауды, әпке-қарындас немесе анамызда осындай нәзік жан екенін еске алып құрметтеуді атап өттім.