Исахан А. Цукуба университетінің грантын ұтып алды

2 ақпан, 2023

«Менеджмент» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Исахан Асемай Цукуба университетінің (Жапония) шәкіртақысын жеңіп алып, Жапонияның ең беделді университеттерінің бірінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Әсемай Исахан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. «Экономика» білім беру бағдарламасын үздік дипломмен бітірді. Бакалавриат бағдарламасында оқып жүргенде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің академиялық ұтқырлық конкурсында жеңімпаз атанып, Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінде (Варшава, Польша) білім алды. Сондай-ақ, Әсемай Мәскеуде өткен экономикалық доктриналар тарихы бойынша 7-ші халықаралық олимпиаданың финалистер кубогының иегері.

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында үздік баяндама жасағаны үшін Әсемай Исахан 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.