ҚазҰУ-да Түркияға гуманитарлық көмек пункті ашылды

11 ақпан, 2023

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері!

 

 Түркияда зардап шеккен азаматтарға ерікті түрде гуманитарлық көмек беру үшін арнайы пункт ашылғанын хабарлаймыз. 
Жәрдем қабылдау орыны Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу орталығы, 1-қабатта (Технопарк) орналасқан.  

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:

- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.

- Термос, қол шамы, пауэрбанк.

- Памперстер, жеке гигиена құралдары.

- Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.

Байланыс телефоны: 

8775 727 2197  Ерлан Айтуаров, Жастармен жұмыс департаменті директорының орынбасары

8701 397 34 04 – Еңлік Ақжігіт, Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бас маманы, журналист

8775 265 89 62 – Қанат Тілес, ұйымдастырушылық және хаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жетекші маманы