ҚазҰУ мен ММУ ынтымақтастығы жалғасуда
Осыдан 3 жыл бұрын орыс ағартушысы М.В.Ломоносов пен қазақ топырағының ғұламасы әл-Фараби атын иеленген қос университеттің студенттері өзара ынтымақтастық мемрандумына қол қойған болатын.
Биыл ҚазҰУ –дың Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Данияр Сүндетбаев, Студенттік конструкторлық бюро төрағасы Қуанышбек Ерниязов пен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы Әлия Қарақожаева Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен ТМД елдері Студенттік және жастар ұйымдары көшбасшыларының VII Форумына қатысты. Форум барысында ҚазҰУ Студенттік конструкторлық бюро ММУ-дың Студенттік Одағымен, «Сұңқар» Студенттер кәсіподағы Студенттік және жастар ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығымен арнайы келісім-шартқа қол қойды. Сондай-ақ, Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі қазақ елінің, ғалым-зерттеуші Шоқан Уәлиханов тұңғыш мүше болған «Орыс географиялық қоғамы» Бүкілресейлік қоғамдық ұйымымен келісім жасап, оның негізінде алғашқы жұмыс қадамдары басталып кетті. Осы жолды жаңғыртып жалғастырушы ҚазҰУ-дың 9 студенті жазғы уақытта Халықаралық жастар лагерінің құрамында «Кызыл-Курагино» археология-географиялық экспедициясына және 2 екі студент Дубна қаласына тәжірибеден өтуге аттанатын болды. Бұл ретте барлық шығындар «Орыс географиялық қоғамы» Бүкілресейлік қоғамдық ұйымы тарапынан төленетінін айта кеткен жөн.
Жастар ұйымдары комитеті