Әріптестігіміз артуда

2 ақпан, 2012

2 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу орны басшылығы мен «Hewlett-Packard» (HP) өкілдігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы басшысы Ерлан Дүйсенбин, «Hewlett-Packard халықаралық технологиялар институт+ы» бағдарламалық жетекшісі Игорь Белоусов және Бизнесті дамутыдағы менеджер Эльвира Сапожниковамен арнайы кездесу өтті.

Екі жақты кездесуге технологиялық мамандықтар оқытып жатқан университеттегі факультеттер декандары мен кафедра меңгерушілері де қатысып, қонағымыздың ұсынған ұсыныстарын мұқият ден қойып тыңдады. «Біз университеттеріңізбен стратегиялық әріптестік орнатсақ деген ниетпен келіп отырмыз. Бас ғимараттарымыз Астана мен Алматы қалаларында орналасқан. Барлықтарыңызға таныс компания. Бүгін сіздерге өзіміздің жаңа ұсыныстарымыз бен бағдарламаларымызбен таныстыуға келіп отырмыз», - деді Ерлан Дүйсенбин. Ал Игорь Белоусов бағдарламалар жүйесімен және жасалған слайд арқылы жиналысқа қатысушалырға компанияның өнімі бүгінде әлемнің 170 елінде қолданысқа екенін айтып, жалпы жұмыс барысы туралы да түсініктеме бере кетті. HP зертханаларын көрсетіп, қызметтері мен жаңадан өндіріске енген Индиго баспас машинасының да презентациясын слайд арқылы жасады.

НР компаниясы 1939 жылы негізі қаланды. Компанияның штаб-пәтері Калифорния, Пало-Альтода орналасқан. Президенті әрі бас атқарушы дирекоры Meg Whitman болып табылады. НР - ақпараттық технологиялар бойынша әлемдегі ірі компаниялардың бірі. 2011 жылы компанияның табысы - $127,2 млрд. құраған. Сонымен қатар, НР компаниясы Fortune 500 тізімінде 2011 жылы 11 орынды иемденген екен.

Ақпараттық технологияларда НР үш бөлімі көшбасшы:

-Жеке жүйе тобы (PSG) – бұл ПК қолданушылары мен бизнес, мобильді есептеулі құралдар мен жұмыс станциялары; - Баспа құралдары мен сандық бейнелеуді өңдеу тобы (IPG) – бұл топ лазерлік және коммерциалық басу жұмысы, сандық фотосуреттерден құралса, үшінші тобы кең көлемдегі бизнес пен ұжымды белгілі бір бағдарламамен қамтамасыз етумен жұмыс істейді.

Компания өкілдерінің университетке қолдануға ыңғайлы әрі заманауи әдіс-тәсілдермен жабдықталған техника арқылы білім алу сапасын арттыруға жасалған бірнеше бағдарламаларын ұсынды. Олардың кейбіріне байқау арқылы қатысуға болады, байқау ағымдағы жылдың сәуір айында өтеді.

«Біз өткен жылы шетелдік іс-сапар барысында сіздердің компанияның зертханасымен танысқан болатынбыз. Және де бізді қызықтырған салалар бойынша 9 жоба дайындап, сол жоғарыда сіз атаған байқауға қатысуға тіркелдік. Осы орайда оқу орталығын құру қызықытырып отыр. Зертханалық жұмыстарға араласып, тәжірибе алмасу студенттерімізге көп мүмкіндік берер еді», - деп ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов өз сөзінде атап айтты.

Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазановты ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе атқару тұсы қызықтырып: «ҚазҰУ технопаркінде» HP-орталығын құру біздің жоспарымызда бар. Магистранттар мен докторанттарымыз ғылыми жұмыстарын нақты бір ылымды меңгеруге арнап жасайды. Алдаға уақытта бар мүмкіндікті пайдалана отырып, жақсы игі бастамалар жүзеге асыруға болады», - деп қорытындылады.

Сонымен қатар, факультеттерден әртүрлі сұрақтар қойылып, ұсыныстар түсіп, кездесу барысы қызыға түсті. Мысалы, тернинг-орталықтар құру, кеңес беру бөлімі қызмет көрсете ме, кейбір бағдарламаларға қатысу үшін географиялық мекен-жайдың да маңызы бары, жұмыспен қамту кеңесі құрамына бұл компания өкілі де енсе деген сияқты бірнеше ұтымды ұсыныстар да болды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі