«Заң клиникасы» жобасы жүзеге аспақ
6 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшылығы Финляндия Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Лаура Рейниля мен Орталық Азиядағы Еуразия қорының менеджері Жанель Баястановамен кездесті.
Лаура Рейниля мен Жанель Баястанованың айтуынша, Әділет министрілігмен алдағы уақытта меморандумға қол қойылады. ҚазҰУ теориялық тұсынан оқу ісінің үздігі ретінде алынып отыр. Осы тарапта білім мен тәжірибе үндестігі байқалады. Және де магистрант, докторанттар өздерінің ғылыми жұмыстарын да осы заң клиникасынжа іске асыра алатын болады.
Кездесу барысында ҚазҰУ заң факультеті жанынан «Заң клиникасы» ортақ жобасын ашу мәселесі қаралды. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов келген қонақтарға «ҚазҰУ бүгінде зерттеу университетіне айналу үстінде. Ғылым, зерттеу, инновациялық жобалар, коммерциялизация басты назарда. Финляндия әріптестікке қуанамыз. Сіздер жаңа бағыт-бастама ұсыныспен келіп отырсыздар. Университетаралық жобалар болса, қолдауға университет тарапы әрқашан дайын. Қос диплом бағдарламасымен оқытудың ортақ нақты бағыттары бойынша маман даярлау бар. Университеттеміздегі докторанттарымызды әлемнің ЖОО-на жібереміз», - дейді.
Кездесу соңы естелік суретке түсіп, сый-сияпат алмасты. Ал қонақтар мұражайды аралап, заң факультеті ұжымымен танысты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі