- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Экономиканы индустриаландыруда қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі» атты семинар өтті
«Экономиканы индустриаландыруда қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі» атты семинар өтті
4 ақпанында география және табиғатты пайдалану факультеті «Энергоэкология» кафедрасында «Экономиканы индустриаландыруда қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі» атты тақырыппен кезекті ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинарда қайта қалпына келетін энергия көздері бойынша «Қазақстандық Электроэнергетикалық Ассоциациясы (ҚЭА)» директорлар комитетінің төрайымы Гүлбану Пазылхаирова сөз сөйледі. Өзінің баяндамасында ол еліміздің экологиялық және энергетикалық мәселелерін атап көрсетіп, сонымен қатар Қазақстан территориясында дәстүрлі емес энергия көздерін дамытуға баса назар аударды. Семинарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркінің директоры К.К. Богуспаев кафедра оқытушылары, магистранттар және студенттер белсене қатысты. Семинарға қатысушылар, қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану саласы бойынша ҚЭА-мен серіктестік жолдары талқылады.
«Энергоэкология» кафедрасы