«Ғылыми мақаланы сәтті жазу» мастер сабағы

23 ақпан, 2023

23 ақпан 2023 жылы «Ғылыми мақаланы сәтті жазу» тақырыбы аясында «Менеджмент» кафедрасының профессорының м.а. Джумамбаев Сейсембай Каримович Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару оқу бағдарламаларының 3 курс студенттеріне мастер-сабағы өтті. Бұл іс-шара студенттер ғылыми мақаланы жазуға пайдалы кеңестер беруді көздеді. 

Дәріс аясында тақырып таңдауда және оны іздеуде ғылыми еңбектерді оқу және ізденістің маңыздылығы  аса назарға алынды. Әсіресе, профессор ғылыми журналдардағы мақалаларды, ғылыми еңбектерді, Нобель сыйлығының иегерлерінің еңбектерін де оқуға кеңес берді. Себебі, болашақ менеджерлердің зерттеушілік қабілетке ие болу керек. «Ілімнің патшасы болу үшін, ізденістің құлы болу керек!» дегенді еске салды. Оған қоса, әр мақала жазғанда әдебиеттерге шолу жасап, зерттеудің өзектілігі,  жаңашылдығы, әдістемесі, мақсат, міндеттері, қорытынды және ой-пікірлер, нәтижелерді жазу қажеттігі жайлы айтылды. 

Қызықты фактілер назарға алынды. Жалпы, интеллектуалдық жұмыспен айналысқан адамдар ұзақ өмір сүреді деген пікірлер бар екені жайлы айтылды. Мысалы, Нобель сыйлығының иегері атанған Рональд Коуз 103 жыл өмір сүріпті.

Жалпы, студенттер дәрісті қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.

Абай Құнанбайұлы айтқандай: 

«Болмасаң да ұқсап бақ, адам болам десеңіз. 

Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз!» демекшіміз.

Құрметті студенттер, сіздерді «Фараби әлемі» ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастырушы: Тасжарганов С.И., «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, «Топ-менеджер» атты үйірмесінің жетекшісі.