Танымал спортшылар студенттерді Жазғы Универсиадаға дайындайды

19 ақпан, 2009

ҚазҰУ-дың спорткешенінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75-жылдығына арналған студенттер арасындағы мерейтойлық Спартакиада ашылды.

Спартакиада екі ай бойы университеттің 13 факультеті студенттері арасында спорттың он түрі бойынша өтеді. Ең алғаш болып жарысты үстел үстіндегі теннис бастады. Сайыстарда Алматы қаласы жоғары оқу орындары мен факультеттерінің құрама командалары қатысады. Командалардың құрамында еліміздің жетекші спортшылары, спорт шеберлері, ҚР ұлттық құрамасының мүшелері бар. Құрамалардың мұндай кәсіби құрамын осы сайыстар алдағы ҚР V Жазғы Универсиада мен 2009 ж. Белград қаласында өтетін Дүниежүзілік Универсиада алдындағы дайындық кезеңдерінің бірі екендігімен түсіндіруге болады.

ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов алғысөзінде спартакиада қатысушыларына тек оқуда ғана емес, сонымен қатар спортта да үлкен табыстар мен жетістіктер тіледі.

Студенттік спорт мейрамы Ольга Подберезкина, Анастасия Рыбина, Самат Бейсенов, Тимур Келбұғанов, Ердаулет Оразбаев және т.б. қазақстандық танымал спортшылардың қатысуымен ашылу салтанатты рәсімінен басталса, жеңіл атлетика бойынша студенттік спорт ұжымдарының көрсетілімдері мен студенттік көркем шығармашылық топтардың музыкалық номерлері жиылған қауым мен спартакиада қатысушыларының көңіл күйін көтерді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі