«Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбы бойынша пікірталас

25 ақпан, 2023

2023 жылдың 25 ақпанында тұрақты даму бағдарламасы аясында экономика және бизнес жоғары Мектебінің «Логистика» мамандығының 1 курс студенттері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерімен бірге ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бақасова Аяулы Кажикаримовнаның жетекшілігімен «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбында ағылшын тілінде онлайн пікірталас өткізді.

Студенттер өздерінің презентациялары мен бейнематериалдарын дайындады, олар «экономикалық өсу» терминіне және экономикалық өсу мақсаты мен түрлеріне анықтама беруге тырысты. Олар экономикалық өсу факторларын, экономикалық өсу мен лайықты жұмыс арасындағы байланыстарды қарастырды, лайықты еңбектің маңыздылығын атап өтті. Әлемнің жетекші елдерінің экономикалық өсу қарқыны туралы сұрақтарды Оңтүстік Корея мысалында қарастыру студенттердің қаншалықты білімі барын көрсетті.

Сайып келгенде, пікірталасқа қатысушылар «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» дегеніміз – ақылы еңбекті қолдауға, ынталандыруға және ілгерілетуге бағытталған бастама екендігімен келісті. Әділ жалақымен жұмыс істеу мүмкіндігі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуді қолдауға бағытталған мақсатқа сай келеді екен.

Іс-шараға жауаптылар шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Тлеугабылова З.А., Кулжанбекова Г.К., Халенова А.Р., Оразбекова И.Г., Бекмашева Б.Н.