Иран елінің делегаттарымен кездесу өтті

8 ақпан, 2012

8 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірінші проректоры М.М.Бүркітбаевтың Иран революциясының 34 жылдығына орай өтетін онкүндік аясындағы Иран жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен кездесуі өтті.


«Екі ел арасында қарым-қатынас дамып келеді. Бұл ұйымдастырылып отырған іс-шара Иран революциясының 34-жылдық мерейтойына арналып отырғандығы бәрімізге белгілі. Ал біздің университетте иранистика кафедрасының ашылғанына 23 жыл болыпты. Қазір жаңа ғимаратта кең кабинеттер беріліп, біз елшіге уәде бергендей, кафедраны заманауи жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Осы орайда сіздерге сәттілік тілейміз. Сапарларыңыздың барысында университетімізбен толық таныса аласыздар», - деді бірінші проректор М. Бүркітбаев.

Кездесу барысында екі елдегі оқу жүйесі мен оқыту бағдарламалары, атқарылған жұмыстар мен ҚазҰУ-да мәдени іс-шаралар негізінде арнайы көрме ұйымдастырып өткізуге және Иран елінің жас ғалымдарының инновациялық-технологиясымен танысуға дайын екендігі айтылды.

Қазақстан Республикасындағы Иран Мәдени өкілдігінің басшысы, мәдениет мәселесі жөніндегі кеңесшісі Асғар Саберидің өз сөзінде «Елшілік, мәдени ошақтар, университет арасындағы байланыс тығыз, әлі де арта түседі деп сенемін. Екі жаққа да ортақ кафедраның жұмысы бізді де қуантуда. Өз тарапымыздан студенттердің сабағына керек оқу құралдарымен жабдықтауды толық қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті. Азади университетінің мәдени байланыстар жөніндегі проректоры, профессор Мозахеридің ғұлама, әлемге әйгілі ойшыл, философ, әл-Фараби атындағы университетке келгеніне қуанышты екенін, Иран еліндегі білім алушы жас ғалым-мамандар мен 3 млн.-дай студенттердің білім алудағы жетістіктерін айтып, екіжақты кездесуді мазмұнды ете түсті.

Ирантану және арабтану кафедрасында көркем жазудан арнайы семинар, мастер-класс өткізген Митра Сэтарэ Собх университетке естелікке өзінің туындысының бірін сыйға тартты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі