- Басты бет
- Жаңалықтар
- 28-29 ақпанда өнеркәсіп және бизнес құрылымдары өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинар өтеді
28-29 ақпанда өнеркәсіп және бизнес құрылымдары өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинар өтеді
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 28-29 ақпан аралығында сағат 10:00-де университеттің әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында (15-қабат), «Жол картасы «Бизнес және ғылым - 2020» бағдарламасының шеңберінде өнеркәсіп және бизнес құрылымдарының өкілдерінің қатысуымен Халықаралық семинар өтеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі тұрғысынан, ХХІ ғасырдың ғылыми жаңалықтары Болашаққа жасалатын серпіліс үшін айқындаушы рөл ойнауы тиіс. Семинардың негізгі мақсаты – «Жол картасы «Бизнес және ғылым - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы университеттің рөлін талқыға салу және өнеркәсіптің, бизнес-бірлестіктерімен университеттің өзара әрекеттесу саласын анықтайтын ынтымақтастық жоспарын құру болып табылады.
Бұл семинар инновация, жаңа технологиялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды (ҒЗТҚЖ) коммерциализациялау және трансфер саласындағы тәжірибе, ақпарат, жаңа идеялармен алмасу алаңына айналмақ. Бағдарлама аясында бизнес және ғылым саласындағы жетекші ұйымдардың және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесуі арқылы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудегі және өнеркәсіптің қажеттіліктерін анықтауда, еліміздің инновациялық іргетасын қалануына себепші болады.
Семинарға қатысу үшін 2012 жылдың 20 ақпанына дейін тіркеу формасын толтырып, растауыңызды сұраймыз. Толтырылған форманы келесі электрондық мекен-жайға жіберу қажет: Raushan.Atamkulova@kaznu.kz
Семинар туралы толық анықтаманы келесі байланыс телефоны арқылы білуіңізге болады
+7 (727) 3773330 (ішкі 1161)
Қосымша:
Тіркеу формасы.
Ұйымдар |
|
Қызмет саласы |
|
Ұйымның мекен-жайы |
|
Аты-жөні |
|
Қызметі |
|
Байланыс |
|