Академиялық ұтқырлық лайфхактары

3 наурыз, 2023

Алғашқы эфир 03.03.2023 күні бакалавр деңгейіндегі студенттерге арналған «Академиялық ұтқырлық лайфхактары» тақырыбында кездесу өтті. Эфирге 2022-2023 оқу жылының 1-ші семестрінде Варшава университеті (Польша) және Радбауд (Ниделанд) университетінде тағылымдамадан өтіп келген академиялық ұтқырлық бағдарламасының иегерлері «Филсофия және этика» мамандығының студенті Құралбек Ерасыл, «Мәдениеттану» мамандығының студенттері Ли Алина, Досымбетова Жансая, Ержанова Аружан , «Саясаттану» мамандығының студенттері Пернебек Айбол мен Сейтмагамбетова Амина қатысты.

Эфирдің бастау бөлігінде факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А.Б. Альчимбаева «Академиялық ұтқырлық» бадарламасының жалпы ережесімен, нақты талаптарымен таныстырып өтті. Студенттер тарапынан аталған бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, университеттер базасын таңдау және шақырту алу жолдары бойынша мол мағлұмат берілді.

10.03.2023 күні эфирде «Болашақ бағдарламасы шеңберінде «500 ғалым» жобасына қатысу лайфхактары» тақырыбында кездесу өтті. Эфирде Түркия мемлекеті, Анкара қаласындағы Хажеттепе университетінде тағылымдамадан өткен докторанттар Құрманбек А. А., (Исламтану мамандығы), Өсербаев Е. Н. (Мәдениеттану мамандығы) өз тәжірибелерімен бөлісіп, үміткерлерге кеңес берді. Сұхбат барысында жобаға қатысу ережесінде көрсетілген IELTS, TOEFL-шекті балы, ғы­лыми зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүзе­ге асы­ратын ғылыми ұйымдар мен университеттерді таңдау шарты, тағылымдама бағдарламасының негізгі бағыттары және т.б. сұрақтары бойынша тәжірибемен бөлісті.

Эфир соңында академиялық ұтқырлық және «500-ғалым» жобасының стипендианттары министрлік тарапынан берілген мүмкіндікке, университет әкімшілігіне, арнайы нұсқаулық кеңес берген университеттің Халықаралық байланыс департаментінің мамандарына, факультет ужымына алғысын білдірді. Сонымен бірге Instagram-да тікелей эфирді ұйымдастыруға бағыт берген философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев, деканның ҒИҚ және ХБ жөніндегі орынбасары А.Б. Альчимбаева, факультеттің Instagram -парақшасына жауапты оқытушы М.Атемге рақмет айтты.

Тікелей сұхбат жазбасы факультеттің Instagram -парақшасында сақталған: https://instagram.com/ffip_kaznu.kz?igshid=YmMyMTA2M2Y=