«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсім өтті

10 ақпан, 2012

10 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты жарық көрген «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсім өтті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» биобиблиографиялық нұсқаулығы ғылыми қызметкерлерге, саясаттанушыларға, тарихшыларға, журналистерге, жоғары және орта білім беру орындарының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерге және қалың оқырман қауымға арналған.

Қазақстанның тұңғыш президенті жайлы жарық көріп отырған биобиблиографиялық көрсеткішті тарихшылар ел тәуелсіздігі тарихында құнды деректер мен мәліметтердің зерттелуіне қосар ерекше еңбек дейді. ҚазҰУ профессоры, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков: «Болашақта жаңа ғалымдар, жас ұрпақ, еліміздің тарихын зерттеп, зерделегенде бұл кітаптың алар орны зор. Альфавиттік жүйемен берілген көрсеткіштер Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты мен қолтаңбасы анық айтылады», - дейді. Сондай-ақ, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Құдайберген Тұрсынұлы зерттеу барысында мұрағаттарға тәуелсіздіктің 20 жыл ішіндегі жасалынып жатқан журналистік туындылар мұрағатқа түспегендігіне көз жеткізгендігін айтты. Ал мұндай жағдайда келер ұрпақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын зерттеп, зерделегенде не айтады, қандай дерек пен дәйекке сүйенеді сол жағы алаңдататынын жеткізді. Ал бүгін жарық көріп отырған «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» биобиблиографиялық нұсқаулығы сол зерттеулерге үлкен мұра, баға жетпес құндылық екендігін алға тартты. Бұл нұсқаулық тәуелсіздік тарихындағы басты көрсеткіш, тарих үшін асыл қазына екендігін тілге тиек етті. Бұл пікірге қосылған тарихшы Арман Қабдешұлы нұсқаулықты: «Әр кезеңнің төл тарихын жазуда мәліметтер алу үшін үлкен дерек көзі болып табылады»,- дейді.

Қазіргі таңда Қазақстан айтарлықтай экономикалық, әлеуметтік, адами, интеллектуалдық және саяси потенциалы бар тәуелсіздік алғалы бері қоғамда демократиялық өзгерістерді жоғары дәрежеде іске асырған, қарқынды дамып келе жатқан мемелекет ретінде әлемге танылуда. Сонымен бірге, республиканың жетістіктерін сарапшылар «Назарбаев факторымен» байланыстыруы әбден орынды. Қазақстанның жаңа дамуының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырып, интеграциялық әрекеттестік тұжырымдамасын жүзеге ас ыруға ең алдымен кіріскен біздің мемлекетіміздің Президенті болып танылады. Бұл тұжырымдаманың мәні - пост-кеңестік аймақта парасатты да үйлесімді экономикалық және саяси жаңару жүргізу. Жаңадан жарық көрген кітап осы мазмұнды аша түседі. Тұсаукесер барысында ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының қызметкері Сәуле

Жылкайдарова «Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» атты көрме ұйымдастырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі