ҚазҰУ ректоры өз таңдауын жасады

19 наурыз, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлауында дауыс беру үшін үш сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

ҚазҰУ аумағындағы №258, №259 және №568 сайлау учаскелері өз жұмысын жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де бастады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ғалым Төрегелді Шарманов қалашықтағы №259 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Университетте орналасқан учаскелік сайлау комиссиясында бекітілген тізім бойынша жергілікті тұрғындар мен ҚазҰУ ұжымы, сондай-ақ студенттер саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Сайлау учаскелері жабық кабиналармен, ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Сондай-ақ учаскелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар да қарастырылған.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі