"Студенттік көктем-2012" байқауының іріктеу кезеңдері басталды
Бірінші кезең: Іріктеу кезеңінің өткізілуі
Іріктеу кезеңі 20-24 ақпан аралығында кесте бойынша Студенттер сарайында «Жастар рухани орталығында» өтеді. Бұл кезеңде әр факультет ұжымы төмендегі номинациялардың барлығын қамтыған концерттік бағдарлама немесе белгілі бір тақырыпта мюзикл дайындайды.
Әрбір факультет ұжымы фестивальді ұйымдастыру комитетіне концерттік бағдарламасын алдын-ала 17 ақпанға дейін ұсынуы тиіс. Аталған бағдарламада номинацияның және орындалатын нөмірдің аты, орындаушының аты-жөні жазылуы қажет.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша байқауды ұйымдастырушылар мен әділ-қазылар «Студенттік көктем 2011» байқауының екінші кезеңіне, яғни финалға өтетін студенттерді анықтайды.
Іріктеу кезеңінің кестесі ішкі жұмыс жоспары бойынша анықталады.
«Студенттік коктем-2012» байқауының 20-24 ақпан күндері
«Жастар Рухани» орталығында өтетін
І-кезеңнің
КЕСТЕСІ
№ |
Байқау түрі |
Өтетін күні, уақыты |
Факультеттердің «Рухани» орталығына келетін кестесі |
1. |
Байқаудың номинациялары: 1. Ән байқауы - 9 мин. 15 бал 1.1 Эстрадалық ән 1.2 Домбырамен дәстүрлі ән 1.3 Топтық орындауда ән
2.Бишілер байқауы -9 мин. 15 бал 2.1.Халық биі (топтық) 2.2.Заманауи би (топтық) 2.3.Классикалық би (топтық) музыка классика
3. Музыкалық аспаптарда орындаушылар байқауы – 15 мин. 30 бал 3.1. Келесі аспаптарда музыкалық шығармаларды жеке орындау: 3.1.1.домбыра 3.1.2.фортепиано 3.1.3.гитара 3.1.4.аккордеон, баян 3.1.5.скрипка, қобыз 3.1.6. саксофон
4. Авторлық шығармалар байқауы- 4-5 мин. 10 бал 4.1.Поэзия 4.2.Ән
5. Ерекше жанр (пародия, цирк, фокус, сатира т.б.).- 2-3 мин. 5 бал
6. Жүргізушілер байқауы 5 бал
|
20. 02. 2012. 14.00 – 16.00
16.00 – 17.00
17.00 – 18.00
21. 02. 2012. 14.00 – 16.00
16.00 – 17.00
17.00 – 18.00
22. 02. 2012. 14.00 – 16.00
16.00 – 17.00
17.00 – 18.00
23. 02. 2012. 14.00 – 16.00
16.00 – 17.00
17.00 – 18.00
24. 02. 2012. 14.00 – 16.00
16.00 – 18.00 |
1. Халықаралық қатынастар
2. Химия және химиялық технология
3. Шығыстану
1. Механика және математика
2. Журналистика
3. Тарих, археология және этнология
1. Филология, әдебиеттану жіне әлем тілдері 2. Философия және саясаттану
8. Физика-техникалық
1. Биология және биотехнология
2. Заң
3. Экономика және бизнес жоғары мектебі
1. География және табиғатты пайдалану
2. Колледж/ Дайындық |
Ескерту:
- Байқауға ұсынылатын бағдарлама (орындаушы, орындалатын шығарма туралы мәлімет көрсетілуі керек ) 17-18 ақпан күндеріне дейін Студенттер клубына жіберілу керек.
- Сахнадағы және сахна сыртындағы студенттердің тәртібіне факультеттің студент-менеджері жауапты.
- Байқауға қатысушылар кестеде көрсетілген уақыттан кешігіп келмеуі тиіс.