«ABT & E-trans Forwarding company» компаниясының директорының көшбасшылық дәрісі

17 наурыз, 2023

2023 жылдың 17 наурызында сағат 15:00 - де 202 аудиторияда «Бизнес-технологиялар» кафедрасы «Логистика» мамандығының 3 курс студенттеріне көшбасшылық дәріс ұйымдастырып, өткізді. Дәрісті «ABT & E-trans Forwarding company» компаниясының директоры Жылқыбек Темірлан Еранұлы өткізді. Дәріс барысында Темірлан Еранұлы студенттерге «ABT & E-trans Forwarding company» компаниясының қызметі мен құрылымын, Қазақстанда ішкі және халықаралық жүктерді тасымалдау тәртібін, Қазақстан Республикасында логистиканың дамуын баяндады. Ол сондай-ақ логистика маманына қажет көшбасшылық дағдылар мен қасиеттерді атап өтті. Дәріс соңында студенттер сұрақтар қойып, өз мамандықтарына қызығушылық танытты.

Ұйымдастырушылар: Э.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент), «Бизнес – технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б., аға оқытушы Чемирбаева М.Б., оқытушы Мұса Қ.А.