Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

2 сәуір, 2023
  • Оқу орнының басшысы Алматыда өткен Қазақстан Республикасы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекара маңы ынтымақтастығының II Достық диалог отырысына қатысты.
  • Оқу ордасының басшысы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқановамен жүздесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
  • Жансейіт Түймебаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаевпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • Ректор түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Николай Егоровтың көшбасшылық дәрісіне қатысты.
  • Жансейіт Қансейітұлы «ҚР мемлекеттік тілінің зерттелуі, оқытылуы жəне қолдануының ғылыми-əдістемелік негіздері» тақырыбында сессия отырысын өткізді.
  • ҚазҰУ басшысы Ғылыми кеңесінің отырысын өткізді. Ғылыми кеңесте оқу орнының 2022 жылғы ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі қорытындыланып, алдағы даму жоспары сараланды.